Елде жылу беру маусымы басталғалы бері мыңнан астам үй өртенді, деп хабарлайды 24KZ. Қызыл жалын 55 адамның өмірін қиды. Тағы 41 адам жарақат алған.
Ал былтыр дәл осы кезеңде 64 адам көз жұмып, 38 адам зардап шеккен. Әлеуметтік осал топтағылар тұратын 108 мыңнан астам баспана есепке алынды. Тағы 225 мың көпбалалы отбасы назарда. Мамандар профилактикалық шаралар жүргізіп жатыр. 33 мыңға жуық тұрғын үйге улы газ бен түтінді сезетін арнайы құрал-жабдықтар орнатылды.
Тегтер #өрт #тұрғын үй #жылу беру маусымы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz