RU
Толық нұсқаға өту

Жедел жәрдем көлігінің апатынан 23 жастағы фельдшер қаза тапты

03.12.2025, 21:00 794

Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап 23 жастағы фельдшер мерт болды.

Ақпаратты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады. Ал полицияның хабарлауынша жол апаты 3- желтоқсанға қараған түні Алатау ауданында болған. Жедел жәрдем жүргізушісі Сайын көшесімен келе жатып, бұрылыс жасаған кезде Kia көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары ауыр жарақат алған. «Өкінішке орай, ауруханаға жеткізілген фельдшер, бірнеше сағаттан кейін көз жұмды. Қалған науқастар дәрігерлердің бақылауында. Олардың бірінің жағдайы ауыр», деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләйла Иманғалиева.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz