Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында екі қабатты үй өртенді.
Төбеден шыққан от екпінді желдің күшімен шатырды түгел жалмады. Сондықтан оқиға орнына Петропавлдан қосымша күш тартуға тура келді. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Қазір осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Бұл үйдегі пәтерлерді 14 отбасы жалға алып тұрған. Жергілікті билік оларға уақытша пана берді.
Марат Бақтыбаев, №13 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:
- Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Қазір осыған байланысты сараптама тағайындалды. Оқиға орнына Петропавлдағы 3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келді.
Азат Ыбыраев, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:
- Заң бойынша өрттен зардап шеккендерге тек қана жалғыз үйі ғана болса, иелеріне беріледі. Бірақ мына жерде бәрі жалға алған адамдар болғаннан кейін олар өз материалдық шығындарын тек қана үйдің иесінен ала алады. Үйдің иесіне де мемлекет тарапынан көмек қарастырылмаған. Өйткені ол оның жалғыз үйі емес.
Тегтер #СҚО #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz