Астана қаласы Сарыарқа ауданы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан үш қабатты ғимараттан өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар тілсіз жаумен күресіп жатыр.
Бас аяғы өртті сөндіруге 100 жеке құрам мен 24 бірлік техника жұмылдырылып, арнайы штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы нақты дерек жоқ. Өрт сөндіру оқпандары енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Мән жайды келесі жаңалықтарда айтамыз.
Тегтер #Астана #өрт #ғимаратPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz