RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да боранда қалған балықшылар құтқарылды

07.01.2026, 10:45 739

Шығыс қазақстандық құтқарушылар қарлы боранда қалып қойған балықшыларға көмек көрсетті.

Шемонаиха ауданындағы Убинка ауылынан 3  шақырым қашықтықта қаңтарылып қалған екі жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылды. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері өтімділігі жоғары техникамен зардап шеккендерге жетіп, үш ер адамды эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. ТЖМ балық аулауға немесе демалысқа шыққанда дауылды ескертулерге мұқият болу қажеттігін ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz