RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да 16 адам қар құрсауынан құтқарылды

08.01.2026, 16:47 755

Шығыс Қазақстан облысында кешелі бері 16 адам қар құрсауынан шығарылды.

Жолда қалғандардың жартысы балалар. Дауылды ескертуді елемеген тұрғындар алыс сапарға шығып, кейін көліктері жолда тұрып қалған. Төтенше жағдай қызметінің арнайы техникасы жолаушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Одан бөлек Шемонаиха ауданында мұз үстінде қалған үш балықшы құтқарылды. Олар да келген жолымен кері шыға алмай қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Жалпы өңірде 182 уақытша эвакуациялау пункті мен 7 жылыту орталығы жұмыс істеп тұр. Тұрғындар жолдардың жабылуы туралы SMS-хабарламаны міндетті түрде ескеру қажет, дейді құтқарушылар. 

Эльдар Шаймарданов, ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:

- Эвакуацияланған адамдар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Облыс бойынша қар жауып, боран қатты жел және көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жарияланды. ТЖМ мұндай ауа райында азаматтарға алыс сапарларды жоспарламай, мүмкіндігінше олардан бас тартуды ұсынады. Егер жолға шығу қажет болса, алдын ала нақтылап алғандарыңыз жөн.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz