RU
Толық нұсқаға өту

Жекеменшік емхана басшылары МӘМС қаржысын жымқырған

15.01.2026, 15:40 779

Елдегі бірнеше жекеменшік емхана басшылары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқырды деген айыпқа ілікті.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2022 жылы Қор мен емханалар арасында екі жарым миллиард теңге сомасына медициналық қызмет көрсету бойынша шарт жасалған. Қаржы жымқыру мақсатында емхана басшылары медициналық көмек алмаған науқастарды ақпараттық жүйеге тіркеген. Жалған мәліметтер толтырып, диагноздар мен көрсетілмеген қызметтер үшін қаржы алып отырған. Емхана жетекшілері осылайша күніне 90-нан 150 адамға дейін жалған науқастарды тізімге қосқан. Нәтижесінде емханалардың шотына Қор қаражатынан заңсыз түрде 680 миллион теңгеден астам қаржы аударылған. Заңсыз қаражат емхана басшылары мен олардың жұбайының жеке есепшоттарына түскен. Қазір күдіктілердің бірі қамауда. Сот шешімімен Испаниядағы, Астанадағы қымбатты үйлер мен автокөліктерді тәркілеу басталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz