Төтенше жағдайлар қызметкерлері жолда қалған азаматтарды эвакуциялап жатыр.
Соңғы күндері қыс қаһарына мініп, бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы орнаған. Мәселен, Атырау облысының Исатай ауданында құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған екі азаматтың өмірін сақтап қалды. Ұқсас жағдай Абай облысы Құмкөл ауылының маңында да тіркелді. Қарға көмілген көлікте 7 адам болған, оның үшеуі бала. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар азаматтарды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Қостанай облысында да құтқарушылардың көмегіне жүгінгендер бар. «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолында екі ер адам қиын жағдайға тап болған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері қар құрсауындағы көлікті шығарып, Арқалық қаласына жеткізді. Құтқарушылар ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпау керегін ескертеді.
Тегтер #Елімізде #аяз #қар құрсауы #құтқару #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz