Ақтөбе полицейлері аязды күні жолда қалып қойған 46 шетелдікті құтқарды.
Жолаушылар автобусы Қарабұтақ-Қостанай автожолында дизель отыны қатып, тұрып қалған. Екатеринбург-Тәжікстан бағытын бетке алған жолаушыларды патрульдік полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары эвакуациялады. Олар Әйтеке би ауданындағы орталық мешіттің ғимаратына уақытша орналастырылды. Сондай-ақ Ақмола облысында қалааралық автобус та ауа райының қолайсыздығына қарамай жолға шығып кеткен. Онда 81 Тәжікстан азаматы, оның ішінде 17 бала болған.
Тегтер #Ресей #Тәжікстан #автобус #Қазақстан #ТЖД #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz