Құлсарыдағы мектептердің бірінде 10-сынып оқушысы қатарластарына балта алып жүгірген.
Қазір бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ата-анасы мен мектеп күзетшілері де жауап береді. Полицияның мәліметінше, жасөспірімдер арасында кикілжің болған. Кейін оқушылардың бірі мектепке балта әкеліп, балаларға шабуыл жасаған. 2 оқушы жеңіл жарақат алды. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Тәртіп сақшылары ізін суытпай ұстап, тергеу изоляторына қамады. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.
Ғалым Байжанов , облыстық ПД бастығының орынбасары:
- Жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Қылмыстық іс аясында қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы білім беру бөліміне ұсыныс енгізілді. Тергеу қорытындысы бойынша білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ оқу орнын күзетуді жүзеге асырған күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
Тегтер #Атырау облысы #Құлсары #24KZ #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz