RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте ағаш басып қалған бала қайтыс болды

12.02.2026, 13:00 1678

Шымкентте ағаш құлап баланы басып қалды.

Жарақат салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Болжам бойынша ойнап жүрген жеткіншек қарлы жаңбырдан иіліп тұрған талды өзіне қарай тартқан.  Қайғылы жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша іс қозғалды. Қазір коммуналдық мекемелер қаладағы қалың қарды шығарып жатыр. Ал төтенше жағдайлар департаментінің  қызметкерлері апат салдарын жою жұмыстарына кірісті.

Нұрдәулет Ерғали, қалалық ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығы бастығының орынбасары:

- 11 ақпан күні ТЖД қызметкерлері 27 шығуды тіркеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖД қызметкерлері авриялық құтқару үшін жалпы саны 18 рет шықты. Зардапты жоюға 18 жеке құрам және 6 бірлік жұмылдырылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz