Бесағаш ауылында тағы топырақ сырғып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.
Бұл жолы «Бурабай» коттедж қалашығы ау-мағынан 17 адам эвакуацияланды. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Баянауыл көшесіндегі екі үйдің ауласына шамамен 150 текше метр топырақ түскен. Адамдар аман. Аталған қалашық 2015 жылы техногендік тұрғыдан қауіпті аймақ ретінде танылған. Әсіресе көктем мезгілінде қар еріп, тоң жібіп, жылғалардан су аққан кезде көшкін қаупі күшейе түседі. Бесағаш ауылында осындай жағдай бір ай бұрын да тіркелген болатын.
Ернар Жүнісов, Бесағаш ауылдық округінің әкімі:
- Шешім нақты әлі шыққан жоқ. Жұмыс атқарылған кезде мына халықпен қазір тығыз қарым-қатынаста эвакуация шараларын істетіп жатырмыз. "КазНИИСА", "Казгидрогеология" деген компаниялар бізге қорытындысын береді. Алла бұйырса, міне төртінші күні шығады. Төртінші күні шыққаннан кейін ЧС жариялай ма екен, қалай болады екен, оның бәрі енді қорытындыға байланысты. Бұл жерде қандай қорытынды береді.
Тегтер #Бесағаш #топырақ #қауіпсіз #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz