RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте бір үйде улы газдан төрт адам көз жұмды

05.03.2026, 09:09 59

Шымкентте Cтуденттік қалашық ықшам ауданында көп қабатты үйде 4 адам опат болды.

Барлығы бір кіреберісте жолығып жүрген көрші.  Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғындар газдан уланған. Бір отбасыдан 31 жастағы әйел мен 16 жастағы қыз ажал құшты. Ал екінші қабаттан 23 жастағы жігіттің жансыз денесі табылды. Үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерде жиырмадағы студент қыз көз жұмған. Оның денесін пәтер иесі жуынатын бөлмеден тапқан. Газдың иісіне бұған дейін де шағымдандық дейді тұрғындар. Алайда газ қызметі тарапынан әзірге ресми түсініктеме берілмеді. Полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр.  

Ислам Файзуллаев көршісі: 

- Бірінші қызды тапқан екен. 11:30-12:00 шамасында. Біздің естуіміз бойынша кеше осы жерге хозяины келді, квартирант қыз екен. Есікті ашып кірсе ванна құлыптаулы болған дейді. Ваннаны ашып кірсе қыз шомылып жатқан жерінде жүріп кеткен екен. Сосын участковыйларды шақырған. Участковыйлар келгенде оларда полномочия болмаған шығар есікті ашып кіруге. Барынша бәрін шығарған. МЧС шақырдық дейді. Оларда полномочия бар екен есікті бұзып кіруге. Бұзып кірсе уже үш мәйіт жүріп кеткен екен. Сол күні шыққан газ емес бұл. Бұл алдында шығып жүрген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz