Шымкентте Бадам өзенінің бөгеті тағы бүлінді.
Бұл жолы 2010 жылы салынған бетон жабынның бір бөлігі су қысымына шыдас бермей опырылып түсті. Апаттың алдын алу мақсатында мамандар өзен арнасын уақытша бұрып, қауіпсіздік шараларын қолға алды. Жауаптылар тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ, жағдай бақылауда деді. Биыл өзен жағалауының 3,5 шақырымдық бөлігі нығайтылып, қайта жаңғыртылады. Тиісті жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Биыл Бадам өзеніндегі бөгет екі рет бүлінді. Бұған дейінгі жағдай бойынша тиісті органдар қылмыстық іс қозғаған.
Әуесбек Опабек, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім басшысы:
- Зерделеу нәтижесіне сәйкес, бұл аталған дамбы 2010 жылы ОҚО кезінде салынғаны анықталды. Қазіргі таңда біз ағымдағы жылы ол жерге 3,5 шаршы метр шақырым аумаққа жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, экспертизадан өткізілді. Сол аумақ толығымен қайта жаңғыртудан өтетін болады.
Тегтер #Шымкент #Бадам өзені #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz