RU
Толық нұсқаға өту

Оралда дропперлік топ әшкереленді

31.03.2026, 13:38 43

Батыс Қазақстанда студенттердің есеп-шоттарын пайдалану арқылы дропперлікпен айналысқан күдікті ұсталды.

Ол интернет-алаяқтық арқылы қаржы жымқырып, оны өзге адамдардың банктік карталарына аударып отырған. Айласын іске асыру үшін әккілер өзге де тұлғаларды заңсыз әрекеттерге тартып, олардың әрқайсысына нақты міндеттер бөліп берген. Мұндай әрекеттерге қатысқаны үшін дропперлерге 200-ден 350 долларға дейін сыйақы төлеген. Кейін шот иесі мұның заңсыздығын түсініп, құқық қорғау органдарына жүгінеді. Қылмыстық схема дер кезінде әшкереленді. Ұйымдастырушы қамауға алынды, ал оның алты сыбайласына қатысты елден шықпау түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды. Іс сотқа жолданды.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Шот иесі болып жатқан әрекеттердің заңсыз екенін түсінген соң, өз еркімен құқық қорғау органдарына жүгініп, соның нәтижесінде қаржы операцияларын дер кезінде шектеуге мүмкіндік туған. Шоттар бұғатталғаннан кейін күдікті мен оның сыбайластары жәбірленушіге қысым көрсетіп, банк қосымшаларын қайта верификациялауды талап еткен. Оны пәтерде заңсыз ұстап, күш қолданамыз деп қорқытып, ұялы телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген, ал түскен қаражатты өзара бөліскен. Сонымен қатар күдіктілер шоттардағы шектеулерді алып тастауға әрекет жасап, жәбірленушіні банктер мен әкімшілік органдарға ертіп жүрген. Схема ұйымдастырушысы қамауға алынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz