Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 10 жастағы баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқушы үш күн бұрын Сарыжар ауылынан 5 шақырым жердегі Елек өзені маңында жоғалған. Іздеу шараларына шамамен 90 адам, 30-дан астам техника, 6 дрон және тікұшақ жұмылдырылған. Қайықпен Саржансай ауылына дейінгі 45 шақырымға жуық өзен аумағы қаралды. Үш сүңгуір тобы да Елек өзенін шолып шыққан. Қазір еріктілер мен ауыл тұрғындары да баланы іздеуге атсалысып жатыр.
Екатерина Голотина, волонтерлер тобының жетекшісі:
- Құтқарушылар негізінен өзенді шолып жатыр. Біздер жағасын барлап жүрміз. Бүгін де іздестіру тобы шығып, іздеу жұмыстарына қосылады. Өзен ағысының қарқынды болуы және судың лай болғаны қиындық тудырып отыр.
Тегтер #Ақтөбе облысы #бала #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz