Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, кәмелетке толмаған үш баланың денесі табылды. Құтқарушылар хабарлама түскен бойда жедел жеткен.
Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік шалған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол ауруханаға жатқызылды. Қызыл жалын 15-ші қабаттағы пәтерде шарпыған. Ал тұрғын үй 21 қабаттан тұрады. Құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шықты. Өрт толық сөндірілді. Оттың шығу себебі анықталып жатыр. Әкімдік тарапынан зардап шеккен әйелге және қаза болғандардың отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі. Қайғылы оқиға бүгін түнде болды.
Тегтер #Астана #көпқабатты үй #өрт #Заң мен тәртіп #қаза болғандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz