Павлодарда құбыр тарту кезінде жұмысшыларды топырақ басып қалып, екі адам опат болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жердің опырылу тереңдігі шамамен 6 метр болған. Оқиға орнына арнайы мамандар жеткенге дейін кәсіпорын қызметкерлері бір адамды өз күштерімен шығарып үлгеріпті. Кейін құтқарушылар үйінді астынан тағы екі жұмысшыны аман алып шықты. Оларға Апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем жасағына тапсырды. Аталған оқиға бойынша Еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Думан Қыдырмоллаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Жер жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ үйіндісінің астында бес адам қалған. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің көмегімен үш адам құтқарылды. Өкінішке қарай, екі адам қаза тапты.
Жанна Белялова, облыстық ПД ресми өкілі:
- Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша полиция тарапынан сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
Тегтер #Павлодар #қаза тапқандар #жұмысшылар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz