RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚР ІІМ

Жамбыл облысында 39 жылқы ұрлағандар ұсталды

24.04.2026, 08:53 40

ІІМ Жамбыл облысы Сарысу ауданында жылқы ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұстады,  деп хабарлайды «24KZ».

Тергеу барысында қаскөйлердің далада қараусыз жайылып жүрген малды алдын ала қарауылдап, түнгі уақытта Газель көлігіне тиеп алып кеткені, кейін көршілес аудандарға апарып, жергілікті тұрғындарға сатқандығы анықталды.

«Қазіргі таңда полиция аталған топ мүшелерінің жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 39 жылқыны ұрлағанын дәлелдеді. Барлық күдікті қамауға алынды», - деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Еске саламыз, мал ұрлығын жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz