RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Астана ТЖД

Астанада төрт қабатты ғимарат өртеніп, 150 адам эвакуацияланды

24.04.2026, 11:05 40

24 сәуір күні  таңертең Астана қаласы Сарайшық ауданы Бөлекпаев көшесі бойындағы төрт қабатты ғимараттан өрт шықты. Өрт сөндірушілердің мәліметі бойынша, от ғимараттың жертөлесінде орналасқан саунада тұтанған, деп хабарлайды «24KZ» .

ТЖМ хабарлауынша, бұл ғимаратта медициналық мекеме орналасқан. Өрт ғимараттың жертөлесіндегі саунаның бу бөлмесінде тұтанған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Құтқарушылар келгенге дейін ғимараттан шамамен 150 адам өздігінен сыртқа шықты.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өрт таңғы сағат 08:43-те оқшауланғаны хабарланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz