Алматы қаласы Бостандық ауданының Полиция басқармасы зейнеткерге жасалған шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды «24kz».
Аялдамада автобус күтіп тұрған зейнеткерді белгісіз жас жігіт аяусыз ұрып-соққан. Бұл туралы жәбірленушінің қызы әлеуметтік желіде жазды. Қызының айтуынша, анасының жағдайы ауыр.
«Бүгін Бостандық ауданында менің анама — 66 жастағы қарт әйелге — белгісіз бір жас жігіт шабуыл жасады. Ол аялдамада автобус күтіп тұрған. Әлгі жігіт артынан келіп, еш себепсіз, айналада адам азайған сәтті күтіп, оны аяусыз, қатыгездікпен ұра бастады. Қазір анам ауруханада жатыр. Жағдайы өте ауыр», — деп жазды қызы.
«Әйелге жасалған шабуыл дерегі бойынша Алматы қаласы Бостандық ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қылмыс «ізін суытпай» ашылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті зерделеуге бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тегтер #зейнеткер #аялдама #Алматы #ұрыпсоғу #24KZ #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz