Атырау облысы Жангелдин ауылындағы бір отбасының өліміне күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің ақыл-есі сау деп танылды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды «24kz».
Ведомствоның дерегінше, жүргізілген сот-психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті өз әрекеттеріне есеп бере алады және тергеу амалдарына қатысуға қабілетті. Тергеу жалғасып жатыр.
Атырау облысы Жаңгелдин ауылында болған ауыр қылмыс дерегі бойынша облыстық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Тергеу барысында жәбірленушілердің малын өткізу және мүлкін иемдену фактілері де анықталып, аталған эпизодтар бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы («ұрлық») және 190-бабы («алаяқтық») негізінде бөлек қылмыстық істер тіркелген.
Іс аясында күдікті А.Мұқанғалиеваға қатысты Алматы қаласындағы сот сараптамалары институтында стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалған. Қазіргі уақытта оның қорытындысы әлі дайын емес.
Ал екінші күдікті С.Сарсемалиевке жүргізілген сараптама нәтижесіне сәйкес, ол өз әрекеттеріне есеп бере алады және тергеу амалдарына қатысуға қабілетті деп танылған.
Сот-медициналық сараптама қорытындысы жәбірленушілердің денесінде алты және одан да көп жарақаттың болғанын көрсетті.
Құзырлы органдар күдіктілердің әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға барлық мән-жайлар толық анықталып, қажетті сараптамалардың нәтижелері алынғаннан кейін берілетінін мәлімдеді.
Тегтер #Отбасының өлімі #Атыраудағы оқиға #күдікті күйеубала #24KZ #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz