RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Атырау ПД

«Қылмысты жалғыз өзі жасаған»: Атыраудағы оқиға жайлы жаңа дерек шықты

24.04.2026, 14:20 46

 Атырау облысы Жангелдин ауылындағы бір отбасының қазасына қатысты жаңа деректер белгілі болды. Тергеу кезінде күдіктінің қылмысты жалғыз өзі жасағаны анықталды. Бұл туралы облыс прокурорының көмекшісі мәлімдеді, деп хабарлайды «24kz».

Марқұмдардың денесінен асүй пышағымен салынған көптеген жарақат  табылған. Сондай-ақ,  қанды қылмыс бірнеше кезеңде жасалған.

«Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты жоғарыда аталғандай сот-психологиялық және сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, Сұлтан өз іс-әрекетіне жауап бере алады, яғни тергеу мен сотта жауап беруге мүмкіндігі бар. Оған ешқандай күштеп емдеу шаралары қажет емес. Анықталған дәлелдемелерге сәйкес, Наурыздың мамыр айында қайтыс болғаны анықталды. Ал, отбасының өзге мүшелері  2025 жылдың қараша айында қайтыс болған», - деді облыс прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz