RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ТЖМ

Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адам табылды

27.04.2026, 09:56 37

Шортанды ауданының 1946 жылы туған тұрғыны 26 сәуірде жылқы іздеуге шығып, жоғалып кеткен,  деп хабарлайды 24KZ.


ТЖМ ақпаратынша, бірнеше уақыттан кейін ол ауылдасына хабарласып, көлігінің батпаққа батып қалғанын және әрі қарай қозғала алмай отырғанын жеткізген.
Шортанды және Ақкөл аудандарының ТЖД құтқарушылары жол талғамайтын техникамен шұғыл көмекке жіберілген. 

«Іздеу жұмыстары барысында ер адам Еңбек пен Егемен ауылдарының арасынан табылды. Құтқарушылар оған қажетті көмек көрсетіп, көлігін батпақтан шығарылды, - делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, ер адамға медициналық көмек қажет болмаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz