RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚМА

Шымкентте 557 млн теңге айналымы бар жасырын интернет-казино әшкереленді

27.04.2026, 10:15 42

Қаржылық мониторинг агенттігінің  Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды «24kz».

Тергеу дерегінше, қала тұрғыны мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген жасырын интернет-казино ұйымдастырған. «Техас холдем» ойыны негізінде «Vendetta» және «AMG600L» клубтары құрылып, олар «Nomad» желісіне біріктірілген. Платформа тәулік бойы жұмыс істеп, Қазақстаннан бөлек Өзбекстан мен Қырғызстан ойыншыларын да тартқан.

Клиенттерді көбейту үшін мессенджерлер арқылы жарнама таратылып, бонустық жүйе қолданылған. Ойыншылар банк аударымдары арқылы шоттарын толықтырып, «фишкалар» сатып алған. Ұтыс қаражаты олардың карталарына аударылып отырған.

Заңсыз табыс әр ойыннан алынатын 3–5% комиссия есебінен қалыптасқан. Қаржы ағындарын жасыру үшін «дропперлердің», соның ішінде шетел азаматтарының шоттары пайдаланылған. Жалпы ақша айналымы 557 млн теңгеден асқан.

Тінту барысында ұйымдастырушының тұрғылықты жерінен есірткі заты табылып, тәркіленді. Екі күдіктіге үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz