RU
Толық нұсқаға өту
Фото: МАЭК

Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы күйіп қалды

27.04.2026, 10:42 35

Ақтаудағы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының екі қызметкері жұмыс барысында тұз қышқылына күйіп қалды, деп хабарлайды «24KZ»

Оқиға 23 сәуір күні  шамамен  10:30-да, №1 цехта жабдықтарды қышқылмен жуу жұмыстары кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі жұмысшы негізгі ГТПИ-3 конденсаторын қышқылмен жуу жұмыстарын жүргізген. Тұз қышқылы ерітіндісі арнайы сорғы арқылы шлангпен берілген.  Жұмыс аяқталып, сорғы сөндірілгеннен кейін шлангты шешу сәтінде қышқыл сыртқа шашырап, салдарынан екі жұмысшының беті мен көзі күйіп қалған. Оқиға "МАЭК" ЖШС кәсіпорнында өндірістік апат ретінде тіркелген Ақпаратты Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті растады.

Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

«Жазатайым оқиға туралы жұмыс беруші белгіленген тәртіппен мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне хабарлады. Қазіргі уақытта алынған жарақаттардың ауырлық дәрежесі бойынша медициналық қорытындыны күтіп отырмыз. Егер ауыр немесе топтық жазатайым оқиға белгілері анықталса, тергеу мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен арнайы тексеру түрінде жүргізіледі», деді Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Кемалов.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz