RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚМА/ видеодан алынған кадр

Атышулы іс: құрылыс салушы Мөлдір Сүйіншәліге қатысты тергеу басталды

28.04.2026, 09:55 42

Астанада аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деп күдіктелген бірқатар құрылыс компанияның басшысы Мөлдір Сүйіншәліге қатысты іс тергеліп жатыр. Тергеу мәліметтері бойынша, ол коттедж қалашығын салу үшін азаматтардың қаражатын тартқан, алайда міндеттемелерін орындамаған, деп хабарлайды 24KZ.

Тергеу анықтағандай, 2021–2024 жылдар аралығында күдікті өзіне қарасты компаниялар арқылы Nura Elite жобасына ақша жинаған. Жоба аясында 37 коттедж бен 24 таунхаус салу көзделген. Жұмысты 2023 жылдың соңына дейін аяқтауға уәде берілгеніне қарамастан, нысандар аяқталмаған. Тек ғимараттардың қаңқасы ғана тұрғызылған. Сатып алушылармен алдын ала сатып алу-сату шарттары жасалған.

«56 адам жәбірленуші деп танылды. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы  3,9 миллиард теңгені құрады. Сонымен қатар 322 миллион теңге көлеміндегі қаражат Мөлдір Сүйіншәлінің өзінің, жұбайы мен анасының шоттарына аударылған, сондай-ақ 145 миллион теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жылжымайтын мүлікті екі рет сату дерегі анықталған. Сатып алушы толық ақысын төлеген коттедждердің бірін күдікті жеке міндеттемелері бойынша кепіл ретінде пайдаланған. Нысан үшінші тұлғаларға қайта ресімделіп, кейін бірнеше рет қайта сатылған.
Бұдан бөлек, тергеу мәліметтері бойынша, Мөлдір Сүйіншәлі жер учаскелеріне билік етуге заңды негіздері болмаса да, оларға құқықтарды беруді қарастыратын шарттар жасасқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz