RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Абай облысындағы шахтада кенші қаза тапты

28.04.2026, 09:58 38

2026 жылғы 27 сәуірде «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Орлов шахтасында жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлайды «24KZ». 

Алдын ала мәліметтер бойынша, тау жынысының опырылуы салдарынан бір қызметкер қаза тапты, тағы бір зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізілген. Қазір  оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Жан-жақты тергеу жүргізілуде.

 "KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук оқиға орнына жол тартты", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, оның отбасына барлық қажетті қолдау көрсететінін мәлімдеді. Зардап шеккен қызметкерге де жан-жақты көмек көрсетіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz