RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда ер адам қызды лифтіде соққыға жыққан

28.04.2026, 15:05 38

Желіде Алматыдағы "Ақкент" ықшамауданында болған оқиғаның видеосы тарады. Кадрларда ер адамның алдымен лифт шақыру батырмасын теуіп, артынша жанында тұрған қызға қол көтерген агрессиясы анық көрінеді, деп хабарлайды «24KZ».

Алматы қаласы полиция департаменті бұл жағдайға ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасына қарасты бөлім қызметкерлері шұғыл түрде тиісті шаралар қабылдады.

Қоғамдық орында агрессивті әрекет танытып, қызға дене жарақатын салған 26 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.

Аталған факті бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің әрекетіне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы аясында жан-жақты құқықтық баға берілетін болады.

Сонымен қатар ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция кез келген зорлық-зомбылық көріністері, әсіресе әйелдерге қатысты әрекеттер мүлде жол берілмейтінін атап өтті. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы толық қамтамасыз етіледі.

Алматы қаласының полициясы азаматтарды бейжай қалмай, құқықбұзушылық фактілері туралы дереу хабарлауға шақырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz