RU
Толық нұсқаға өту
Бейнежазбадан алынған кадр

Шымкентте өзін тергеу қызметінің маманымын деп таныстырған алаяқ құрықталды

04.05.2026, 10:19 30

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жалған қызметкердің заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды «24KZ».

Анықталғандай, 2025 жылғы қыркүйек айында азамат ЭТҚ қызметкері ретінде танысып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысынан алдау жолымен 25 млн теңгені иемденген.

Ақша қаражаты медициналық мекемені тексеруге жататын субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал ету сылтауымен алынған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz