Елімізде өтіп жатқан «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция аса ірі көлемдегі алаяқтыққа күдікті 43 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды «24KZ».
Тергеу мәліметінше, күдікті өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге хабарласқан. Ол «сіздің депозитіңізден белгісіз біреулер ақша аудармақшы» деп жалған ақпарат беріп, азаматтың сеніміне кірген. Кейін «қаражатты сақтап қалу» сылтауымен 1 млн теңгені «қауіпсіз шотқа» аударуды ұсынған.
Бұдан соң жәбірленушіге өздерін құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп таныстырған басқа адамдар хабарласып, «арнайы операцияның» жалғасып жатқанын айтқан. Олар азаматтың өзге шоттарындағы қаражат туралы мәлімет алып, ірі соманы «тексеру үшін» қолма-қол беруге көндірген.
Нәтижесінде жәбірленуші 21 млн теңгені шешіп, қорапқа салып, курьер арқылы жіберген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция ұрланған қаражатты түрлі шоттарға бөлумен айналысқан шетелдік азаматты ұстады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Тегтер #алаяқтар #24KZ #24жаңалықтар #киберқылмысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz