RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Үш айда 317 жемқорлық фактісі тіркелді

05.05.2026, 10:49 39

Ақпан мен сәуір айлары аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 317 құқықбұзушылық тіркелді,  деп хабарлайды «24KZ».
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәліметінше, қылмыстардың басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілеріне қатысты.
Қылмыстық істер бойынша 226 адам күдікті деп танылған. Сонымен қатар 198 іс бойынша тергеу аяқталып, олардың 175-і сотқа жолданған.
Аяқталған істер аясында мемлекетке келтірілген жалпы залал 4,2 млрд теңгені құрады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz