RU
Толық нұсқаға өту
Фото: «NewTimes.kz»

Астанада түнде қараусыз жүрген үш бала табылды

08.05.2026, 14:33 94

Астанада түн ортасында Abu Dhabi Plaza маңынан ересектердің қарауынсыз жүрген үш кішкентай бала табылды. Оларды полиция қызметкерлері ата-анасына тапсырған, деп хабарлайды «24KZ».

Түнгі сағат 02:00 шамасында қала тұрғыны Abu Dhabi Plaza жанындағы көше қиылысында жалғыз тұрған баланы байқап, жанына барған. 6 жастағы бала 10 жастағы әпкесі мен 4 жастағы қарындасын күтіп тұрғанын айтқан.

Әйел шамамен 20 минут күткеннен кейін полиция шақырған. Белгілі болғандай, балалар ата-анасының телефон нөмірін білмеген. Тек үлкен әпкесінің телефонының құпиясөзі ғана белгілі болған.

Астана қалалық полиция департаменті 10, 6 және 4 жастағы балалардың табылып, ата-анасына қайтарылғанын хабарлады.

Сондай-ақ жыл басынан бері Есіл ауданында балаларын түнгі уақытта қараусыз қалдырғаны үшін 500-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz