Бүгін Астана-Франкфурт бағыты бойынша ұшқан ұшақ апатты жағдайға тап болды.
Әуе кемесі елорда әуежайынан ұшып шыққаннан кейін қозғалтқыштардың бірінің істен шығуына байланысты экипаж мүшелері шұғыл дабыл қаққан. Бортта 93 жолаушы, оның ішінде 4 бала мен 1 нәресте, сондай-ақ 9 экипаж мүшесі болған. Осылайша, ақаудың салдарынан ұшақ Ақтөбе әуежайына күндізгі сағат 23:30 шамасында штаттық режимде қонды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың авариялық-құтқару және тиісті жерүсті қызметтері жұмылдырылды. Әзірше зардап шеккендер немесе әуе кемесінің зақымдануы туралы ақпарат түскен жоқ. Авиациялық оқиғаны Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру департаменті тергейді.
Тегтер #Астана #ұшақ #апат #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz