ТЖМ мамандары Каспий жағалауынан шамамен 400 метр қашыққа алыстап кеткен ер адамды құтқарды, деп хабарлайды «24KZ».
Белгілі болғандай, ер адам моторсыз қайықпен суға шыққан. Күшті желдің салдарынан қайықты ағыс пен жел ашық теңізге қарай алып кеткен. Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, қайықтағы ер адамды жағаға жеткізді.
Құтқарылған азаматқа медициналық көмек керек болмады.
ТЖМ су айдындарына шығар алдында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:
ауа райы болжамын алдын ала тексеріңіз;
құтқару кеудешесін киіңіз;
техникалық жарамды қайықтарды ғана пайдаланыңыз;
қатты жел кезінде суға шықпаңыз.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz