Алматы облысында Шамалған ауылындағы мектепте болған жанжалға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан мұғалім ауруханаға түскен, деп хабарлайды «24KZ».
Әлеуметтік желіде тараған видеода жоғары сынып оқушысының мұғалімді мектеп ішінде соққыға жыққаны көрінеді.
Қарасай аудандық білім басқармасының мәліметінше, оқиға 16 қаңтар күні таңғы сағат тоғыз шамасында аудан мектептерінің бірінде болған.
— Кәмелетке толмаған жасөспірім мен ер адам арасында жанжал туындап, салдарынан мұғалім дене жарақатын алды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, жасөспірім бөлімшеге жеткізілген.
Қазіргі уақытта тергеушілер жанжалдың себептерін анықтап, оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Тегтер #Алматы обл #мұғалім #соққы #24KZ #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz