Арыс қаласында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған ағайынды екі ер адам ұсталды.
Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйде күдіктілер синтетикалық есірткіні ірі көлемде заңсыз өндірумен айналысқаны анықталды. Ішкі істер министрілігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің айтуынша, тінту кезінде жеке тұрғын үйден жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон мен 1,5 тонна прекурсор алынды. Мамандар тарапынан заңсыз өнімге сараптама тағайындалды. Сондай-ақ реактор, колбалар, магниттік араластырғыш, канистрлер, пластикалық науалар және есірткі өндіру белгілері бар өзге де құрал-жабдықтар тәркіленді. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Елдар Әбдікенов, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары:
- Оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІМ ескертеді: есірткі өндіруді жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Тегтер #Түркістан облысы #есірткі #зертхана #24KZ #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz