Атырау облысында бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, «24KZ».
Істі қарау 18 мамырға белгіленген.
Сот процесін бұған дейін резонанс тудырған Яна Легкодимованың ісі бойынша үкім шығарған мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың судьясы Зарема Хамидуллина жүргізеді.
Тергеу мәліметінше, күдіктіге төрт адамды өлтірді деген айыппен қатар, марқұмдардың атынан олардың туыстарымен хат алмасып, мүлкін саудалаған деген күдік те тағылып отыр.
Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, қылмыстан кейін айыпталушы Индонезияға кетіп қалған. Тергеу барысында оның сол жақта жүріп, өзін қайтыс болған адамдар ретінде таныстырып, жақындарын адастырғаны анықталған.
Сот отырысы кезінде осы деректер мен қылмыстың өзге де мән-жайлары жан-жақты қаралады.
Қазіргі уақытта сот процесіне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тегтер #Атырау обл #қанды қылмыс #сот #24KZ #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz