RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Маңғыстау облысында ер адам кәуап сүйегіне қақалып көз жұмды

13.05.2026, 09:53 47

Мамыр мерекелеріндегі табиғат аясындағы демалыс Маңғыстау облысында қайғылы жағдаймен аяқталды. 56 жастағы ер адам кәуаптың сүйегіне қақалып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға Жармыш ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде техникалық қызметкер болып жұмыс істеген. Ол әріптестерімен бірге табиғат аясында демалып жүрген.

Қайғылы жағдай дастарқан басында болған. Ер адам тамақтанып отырған кезде тамағына сүйек тұрып қалған. Қасындағылар алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Ибатуллаеваның айтуынша, аталған дерек «001 – адамның өлімі» санатымен тіркеліп, тексеру жүргізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz