Алғашқы сот отырысы 18 мамырда ашық режимде өтеді, деп хабарлайды «24KZ».
Төрт адамды аяусыз пышақтап өлтіріп, мәйіттерін жасырды деген күдікке ілінген әулеттің бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 эпизод бойынша айып тағылып отыр.
Тергеу мәліметінше, күдікті төрт адамды пышақтап өлтіріп, кейін мәйіттерін жасырған.
15 томнан тұратын қылмыстық істі халыққа танымал судья Зарема Хамидуллина қарайды.
Марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға адам өлтіру бойынша айып тағылмаған. Ол Атыраудағы психикалық денсаулық орталығына жеткізілген. Прокурорлардың мәліметінше, оған қатысты «қылмыс туралы хабарламау» дерегі бойынша бөлек іс тергеліп жатыр.
Еске салайық, отбасы 2025 жылдың желтоқсанында хабар-ошарсыз кеткен. Кейін ерлі-зайыптының мәйіттері өз үйінен табылса, тағы екі баласының денесі ауладан шыққан. Күдікті Индонезияда ұсталып, кінәсін мойындаған.
ІІМ мәліметінше, қылмысқа ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжал себеп болған.
Тегтер #Атырау обл #мәйіт #күдікті күйеубала #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz