Қызылорда облысында полиция қызметкерлері 14 жыл бұрын болған кісі өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды «24KZ».
ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, қайғылы оқиға 2012 жылдың қазан айында Қармақшы ауданының Жосалы кентінде болған. Топтық төбелес кезінде жасөспірім пышақ жарақатын алған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Оқиғадан кейін төбелеске қатысқан барлық адамдар анықталып, тексерілген. Алайда тікелей дәлелдер мен куәгерлердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ жылдар бойы ашылмай келген.
Биыл тергеу-жедел тобының мұқият жұмысының нәтижесінде басты куәгер мен оқиғаның толық мән-жайы анықталды. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер күдіктіге шыққан. Ол сол төбелеске қатысқан азамат болып шықты және басқа ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдікті Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына жеткізілді.
Жиналған дәлелдердің арқасында ол өз кінәсін мойындады. Тергеу барысында қылмысқа жастар арасындағы өзара араздық пен жанжал себеп болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр, қылмыстық іс сотқа жолданды, - делінген хабарламада.
Тегтер #Қызылорда облысы #қылмыс #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz