RU
Толық нұсқаға өту
Фото: куәгерден

Ақтауда полиция қызметкері аулада 1,5 жасар баланы қағып кетті

14.05.2026, 10:26 335

Қайғылы оқиға 13 мамыр күні Ақтаудағы 27-шағынауданда болған. Полиция қызметкері басқарған көлік тұрғын үй ауласында 1,5 жастағы баланы қағып кеткен. Сәби оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды «24KZ».

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік көлікті құқық қорғау органының қызметкері басқарған. Оқиға тұрғын үйдің алдындағы жолда болған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ведомство басшылығы істі ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz