RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қарағанды облысында есірткі сайттарын жарнамалаған күдікті ұсталды

14.05.2026, 13:03 37

Қарағанды облысының Балқаш қаласында полиция қызметкерлері тыйым салынған интернет-ресурстарды жарнамалаумен айналысқан ер адамды тұтқындады, деп хабарлайды «24KZ».

Күдіктінің әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам әлеуметтік желілердің бірі арқылы интернеттен «жұмыс» тауып, жоғары ақы төленетін жарнамамен айналысқан. Ол есірткі сайттарының мекенжайларын ғимарат қабырғаларына граффити түрінде жазып отырған. 

Ұсталған сәтте ер адам есірткі сайттарының мекенжайлары көрсетілген бес бірдей граффити салып үлгерген. Аталған жазбалар тыйым салынған интернет-ресурстарды ашық түрде насихаттаған. 

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция қызметкерлері күдікті жарнамалаған интернет-ресурстың нақты иелерін анықтау бағытында жедел жұмыстар жүргізуде. Тергеу барысында ұсталған азаматтың қолға түскен кезінде сайттың әлі де жұмыс істеп тұрғаны анықталған. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz