RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ТЖМ

Астанада екі қабатты ғимарат өртенді

18.05.2026, 12:20 249

 Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Жайылма көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды«24KZ».

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимаратта ашық жану байқалып, өрттің өршіп кеткені анықталған.

Қазіргі уақытта ТЖМ қызметкерлері өртті жоғары дәрежеде сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, суды үздіксіз беру ұйымдастырылған. Сондай-ақ сөндіру жұмыстарына бірнеше су оқпаны берілген.

112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz