RU
Толық нұсқаға өту

Талдықорғанда футбол матчын көруге кеткен 20 жастағы студент Жанғыр Нұрланұлы қаза тапты

19.05.2026, 10:02 175

Талдықорғанда футбол матчын көруге кеткен 20 жастағы студент студент қаза тапты. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «24KZ».

Марқұмның анасының айтуынша, 7 мамыр күні кешке ұлы достарымен футбол көруге кеткен. Олар матчты пәтерде көрген.  Ол жерде шамамен он шақты адам болған, олардың арасында 17 жастағы мектеп оқушысы да бар еді.

Мәліметтерге сәйкес, жастар арасында жанжал туындаған. Ұрыстан кейін олар сыртқа шығып кеткен, кейін қайта кездескен. Анасының сөзінше, мектеп оқушысы Жанғырды қайта шақырып алып, оған алты рет пышақ жарақатын салған. Ауыр жарақат салдарынан жігіт оқиға орнында көз жұмған.

Әйелдің айтуынша, қайғылы жағдайдың алдында ол ұлымен бейнеқоңырау арқылы сөйлескен. Сол сәтте Жанғырдың көңіл күйі жақсы болып, әзілдеп сөйлесіп, кейін тағы хабарласатынын айтқан.

Қазір бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалып, айғақ заттар тәркіленген, жанжалға қатысушылардан жауап алынуда.

Марқұмның отбасы істің әділ тергелуін және кінәлі адамның заң алдында жауап беруін талап етуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz