RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

90 жастағы әжей өрт құрсауынан аман қалды

20.05.2026, 17:10 102

Алматы облысында полиция қызметкері өртеніп жатқан үйден 90 жастағы әйелді аман алып шықты, деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға шамамен  түнгі сағат 03:00-де болған. Алматы облысы полиция департаментінің қызметкері Жасұлан Нұрасылов көрші үйдің  аумағынан шыққан өртті байқап қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, алдымен үйдің жанындағы қосымша құрылыс отқа оранып, кейін жазғы ас үй мен шатырға тараған.

Полиция қызметкері уақыт жоғалтпай қоршауды  бұзып кіріп, түтін басқан аумаққа енеді. Ол жазғы ас үйден ұйықтап жатқан 90 жастағы әжейді тауып, қауіпсіз жерге алып шыққан. Сонымен қатар үй тұрғындарын оятып, эвакуациялауға көмектескен.

Жасулан Нұрасылов бірден өрт сөндіру қызметін шақырып, құтқарушылар келгенше оттың таралуын тоқтатуға тырысқан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды толық сөндірді.

Тәртіп сақшысының жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Тұрғындар полицейге батылдығы мен жедел көмегі үшін алғыс білдірді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz