RU
Толық нұсқаға өту
Фото: instagram/saule_bazarkhan

Блогердің қызы анасы көз жұмған клиниканы тексеріп, қызметін тоқтатуды талап етті

21.05.2026, 10:31 38

Әлеуметтік желіде блогер Сауле Ермаханованың қызы мәлімдеме жариялап, анасы қайтыс болған клиниканың қызметін тоқтатуды талап етіп отыр, деп хабарлайды «24KZ»

Ол өзінің Threads парақшасында анасының  15 мамыр күні Алматыдағы жекеменшік  клиникалардың бірінде жоспарланған липосакция операциясы кезінде көз жұмғанын жазды. 

Жазбада операция жергілікті анестезиямен шамамен 1–1,5 сағатқа жоспарланғаны, алайда жағдай күрт өзгергені айтылады. Қызының сөзінше, бірнеше сағат бойы отбасы мүшелеріне  нақты ақпарат берілмеген, ал қайтыс болғаны туралы хабар кеш жеткізілген.

Сондай-ақ ол жедел жәрдем тек бірнеше сағаттан кейін келгенін айтып, бұл жағдайға байланысты көптеген сұрақтар туындағанын жеткізді.

Қыздың мәлімдеуінше, қайғылы оқиғадан бірнеше күн өткен соң да клиника жұмысын жалғастырып, жаңа клиенттерді қабылдап, алдағы  операцияларға жазу жүргізіп жатыр.

Осыған байланысты ол журналистерді, блогерлерді және қоғамды жағдайды жария етуге шақырып, клиника қызметін толық тексеріп, уақытша тоқтатуды талап етті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz