RU
Толық нұсқаға өту

Блогер Сәуле Базарханның қазасынан кейін клиника алғаш рет үн қатты

21.05.2026, 17:07 31

Алматыдағы Smart Beauty Clinic жекеменшік клиникасы блогер Сәуле Базарханның қазасынан кейін  ресми мәлімдеме жасады. Клиника  мәлімдемені Instagram парақшасында жариялаған. Клиника өкілдері бұл оқиғаны ауыр жағдай ретінде қабылдайтынын айтып, марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп  хабарлайды «24KZ».

«Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша заңнамаға сәйкес тиісті рәсімдер жүргізіліп жатыр. Дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігіне, марқұмның отбасына құрмет көрсетуге және тергеу жұмыстарының объективті өтуіне байланысты клиника ресми процедуралар аяқталғанға дейін оқиғаның мән-жайы мен медициналық деректерге  қатысты жария пікір білдірмейді», – делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ Smart Beauty Clinic қазіргі уақытта пациенттерді қабылдау уақытша тоқтатқанын  хабарлады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz