Сургут қаласында қыздың сөмкесінде пауэрбанк жарылды, деп хабарлайды «24KZ» Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
Оқиға қаладағы Крылов көшесіндегі үйде болған. Оқиға орнынан түсірілген бейнетаспадан иығында сөмкесі бар қыздың лифтке кіріп бара жатқанын көруге болады. Осы кезде сөмке кенеттен түтіндеп, жана бастайды.
Қатты қорыққан қыз жалма-жан лифттен шығып, өртті сөндіруге әрекет жасаған. Қыз баланың жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ. Алдын ала болжамға қарағанда, сөмкеде пауэрбанк жанған болуы мүмкін.
Тегтер #Ресей #пауэрбанк #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz