Грузия астанасында құрықталған Қазақстан азаматы халықаралық іздеуде болған. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, ол 2023 жылдың қазан айы мен 2024 жылдың ақпаны аралығында сыбайластарымен бірге Алматы облысында арнайы жабдықталған жасырын зертхана ашып, «мефедрон» өндірумен айналысқан. Қылмыстық топта ол негізгі "химик" рөлін атқарған, деп хабарлайды «24KZ»
Артынша оның Тбилисиде жасырынып жүрген жұбайы да ұсталды. Әйел адам Алматы және Қарағанды облыстарындағы синтетикалық есірткі өндірісінің қаржылық мәселелерін реттеп, қылмыстық табысты үйлестіріп отырған деп айыпталуда.
Қазіргі уақытта ұсталған күдіктілерді Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Екі елдің тәртіп сақшылары халықаралық деңгейдегі қылмыстарды ашу бағытындағы бірлескен шараларды одан әрі жалғастырмақ.
Айта кетейік, таяуда ҚР ІІМ басшысы Ержан Саденов Тбилисиге жұмыс сапарымен барып, грузин тарапымен маңызды келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ сапар аясында Грузия Үкіметінің басшысы Ираклий Кобахидземен де кездесу өтті.
Мұндай тығыз байланыс өз нәтижесінде, 2026 жылдың наурыз айынан бері Грузия аумағында отандық құқық қорғау органдарының сұрауымен іздеуде жүрген 15 адам қолға түсті.
Тегтер #есірткі #Грузия #мефедрон #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz